• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бейімбет Майлин ауданындағы ірі жобалар

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданына барған жұмыс сапарында бірқатар маңызды жобалармен танысты, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Мемлекет басшысы халықаралық сауданы кеңейту және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін логистикалық қуаттар мен құрғақ порттарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде облыста 2 халықаралық көлік-логистикалық кешені салынуда. Оның бірі – Қостанай қаласында, екіншісі – Бейімбет Майлин ауданындағы астық және майлы дақылдарды сақтау әрі өңдеуге, көкөніс сақтауға және көлік-логистикаға бағытталған «TOBOL CENTER KZ» өндірістік-логистикалық кешені. Жоба аясында жемшөп ұнын өндіру, май зауыты, қоймалар, силос паркі, контейнерлерге арналған алаң, теміржол тұйықтары желілері, логистикалық және кедендік бақылау аймақтары құрылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай ілгерілеу көрсеткіштері бар. Күзгі орақ науқаны барысында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 75,1%-ы жиналды. «Кең Дала» бағдарламасы арқылы 29 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 2,1 млрд теңге несие берілді. Биыл 3 млрд теңгеден астам қаржыға 59 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

«Варваринское» ЖШС аумағында қуаттылығы 40 МВт газ-поршеньді электр станциясы салынуда. Инвестиция көлемі – 14,3 млрд теңге. 35 жұмыс орны құрылады.

Бұл – кәсіпорынның меншікті энергетика саласындағы екінші ірі жобасы. Өткен жылы қуаты 22,6 МВт күн электр станциясы іске қосылған болатын.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауданда 1 350 ағаш пен бұта отырғызылып, 9 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны санитарлық талапқа сай келтірілді, 44 стихиялық қоқыс орны жойылды.

  • 09.09.2026
  • 3
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика