• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысына екі заманауи жылжымалы медициналық кешен пайдалануға берілді

Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Жалпы құны 1,1 млрд теңгеден асатын арнайы автокөліктердің біріне компьютерлік томограф, екіншісіне цифрлық маммограф пен сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылған. Жылжымалы кешендер, ең алдымен, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Аймақта ауыл халқының үлесі жоғары. Елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасуы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға да өзіндік талап қояды. Біздің ұстанымымыз айқын: заманауи диагностика халыққа барынша жақын болуы қажет. Енді шалғай ауылдардың тұрғындары күрделі тексеруден өту үшін облыс орталығына арнайы келмей, қажетті медициналық қызметті тұрғылықты жерінен ала алады. Осы нәтижелі әріптестік үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына облыс жұртшылығының атынан алғыс білдіремін, – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева өңірмен арадағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, жаңа кешендердің іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін медициналық диагностиканың қолжетімділігін кеңейтетінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қорының өзара ынтымақтастығы өңірдегі бірқатар әлеуметтік мәселені шешуге мүмкіндік беріп келеді. Қазіргі таңда қор облыста жалпы құны 13,1 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыруда. Оның 9-ы денсаулық сақтау саласына арналған.

Бірлескен жобалар аясында сирек кездесетін ауруларға шалдыққан азаматтарды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық науқастарды емдеу, балалар нейрохирургиясын қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыру бағыттарында маңызды жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар ерте араласу және оңалту орталықтарының мүмкіндігі кеңейтіліп, аутизмі бар балаларға арналған орталықтар қажетті құралдармен жабдықталды.

Қордың қолдауымен ауылдардағы тірек мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, балалар мен жастарға арналған спорт инфрақұрылымын дамытуға да жағдай жасалды.

  • 11.09.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика