- Блогтар
- Абдуллин Т.Т.
Абдуллин Т.Т.
ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы
«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстандағы ғылыми ұйымдар арасында журналдардағы жарияланымдары бойынша 11 орында
Қайырлы күн! Жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр. «ҚазжолҒЗИ» АҚ Web of Science және Scopus индекстелетін журналдарда 2015-2020 жылдар аралығындағы жарияланым белсенділігі бойынша Қазақстанның 45 үздік ғылыми ұйымның арасында 11-орынға ие болды. Рейтингті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физико-химиялық зерттеу әдістері және талдау орталығының директоры, профессор Болат Кеңесов құрастырды.
Соңғы 4 жылда институтпен жоғары рейтингті халықаралық ғылыми журналдарда 125 мақала жарияланған. ҚазжолҒЗИ-дың Scopus и Web of Science ақпараттық деректер базасында 157 мақаласы бар.
Шетелдік авторлар институт қызметкерлерінің жариялаған ғылыми мақалаларына сілтемелерді жиі жасайтын болды. Бұл дәйексөздердің жоғары көрсеткіштерімен дәлелденуде. Мәселен, ҚазжолҒЗИ-дың бірінші жетекшісі, профессор Бағдат Телтаевтың Хирш индексі 2021 жылы Scopus ақпараттық деректер базасында 13, ал Web of Sciences деректер базасында 10-ды құрайды. Институт мақалалары бүгінге дейін барлығы дереккөз ретінде 881 рет қолданылған.
- 07.04.2021
- 289