- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Әулиекөл ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тиісті деңгейде жүзеге асырылуда
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөл ауданына барған жұмыс сапарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында және әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Әулиекөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында абаттандыру, скверлерді көркейту, субұрқақтарды жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары тиісті деңгейде қолға алынған.
Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көмегімен 38 апатты және тозығы жеткен үй сүрілді. 4 мыңнан астам көшет, 26 мыңнан астам гүл отырғызылды. Сенбіліктерге 7 мыңнан астам адам қатысты. 31 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы жойылып, 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Кәсіпкерлікті дамыту шаралары аясында сауда және қызмет көрсету саласында жеке кәсіпкер «Литуновский В.А.» Әулиекөлдегі бос ғимаратты балалар ойын-сауық орталығы етіп салып жатыр. Жоба құны – 200 млн теңге. 20 адам жұмыспен қамтылады.
Ауданда биыл 2,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әулиекөл ауылында ұзақ жылдар бойы бос тұрған бұрынғы оқу корпусы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 31 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жаңғыртылуда. Осы санаттағы азаматтарға арналып тағы екі пәтерлі 6 тұрғын үй салынып жатыр.
Биыл аудандағы егіс алқабының көлемі 253,4 мың га құрады. 200 мың га егістік орылып, 208,3 мың тонна астық бастырылды. Ауыл шаруашылығы саласына 2,3 млрд теңгеге 42 техника сатып алынды.
- 14.09.2026
- 3


