• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған жамбылдық спортшыларды марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетті.

2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен дүбірлі додаға 43 спорт түрінен 113 елдің 3 мыңға жуық спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, 74 жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Бұл жетістікке Жамбыл облысының спортшылары да лайықты үлес қосты. Ұлттық құрама сапында сынға түскен 22 жерлесіміз 8 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел қоржынына барлығы 26 медаль салды. 

Өңір басшысы спортшылар мен бапкерлерді айтулы нәтижемен құттықтап, олардың жетістігі қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы қабылдап, халықаралық додада ел мерейін асқақтатқан спортшыларға жоғары баға берді. Бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл – еңбектеріңізге көрсетілген зор құрмет әрі ұлттық спортқа деген айрықша қолдаудың көрінісі.

Сіздер дүбірлі додада Қазақстанның көк байрағын биік көтеріп, Жамбыл спортының әлеуетін тағы бір мәрте таныттыңыздар. Әрбір жетістіктеріңіз – жас ұрпаққа өнеге, ұлттық спорттың өркендеуіне қосылған қомақты үлес. Бұл нәтижелерге бапкерлердің, атбегілердің және жанашыр азаматтардың да еңбегі сіңді. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Салтанатты шарада VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен арнайы сыйлығы, сондай-ақ қаржылай сертификаттар табысталды.

Жиында көкпардан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрдәулет Момынов пен қазақ күресінен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Ернұр Сүлеймен сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет пен қолдауға ризашылықтарын білдірді. Олар алдағы уақытта да ел спортының абыройын асқақтатып, туған жердің мерейін үстем етуге күш салатынын жеткізді.

Іс-шара соңында спортшылар мен өңір басшысы естелік суретке түсті. 

  • 15.09.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика