• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетпаевтың айтуынша, өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты. 2026 жылға ауыл шаруашылығы жануарларына 16,3 млн вакцинация және 5,3 млн диагностикалық іс-шара жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері 9,5 млн вакцинация, 3,8 млн диагностика бойынша жұмыстар орындалды.

Қазіргі таңда облыс аумағында жануарлар арасында аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ.

Биыл 1 327 694 бас төлді бірдейлендіріп, дерекқорға енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 203 109 бас төл бірдейлендірілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында 4 561 263 бас мал тіркелген.

Эндемиялық аймаққа жататын 42 елді мекенде көктемгі және күзгі кезеңдерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл көлемі 5,5 млн шаршы метрді құрайтын 24 329 қора-жай, 142 мың шаршы метр буферлік аймақ және 472 мың бас ауыл шаруашылығы жануарын залалсыздандыру көзделген.

Көктемгі І-ІІ кезеңде аталған елді мекендердегі барлық қора-жай мен буферлік аумақ, сондай-ақ жоспарланған 472 мың бас жануар залалсыздандырылды. Жұмысқа 40 маман, 10 ДУК автокөлігі және 21 ранцевый аппарат жұмылдырылды. Қазіргі уақытта күзгі ІІІ кезеңнің залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Өңірде сібір жарасының 189 көміндісі есепке алынған. 2026 жылы ауыл шаруашылығы жануарларынан сібір жарасының қоздырғышы анықталған жоқ, жаңа ошақтар тіркелмеді.

Сонымен қатар биыл 30 ветеринариялық пункт пен 11 биотермиялық шұңқыр салуға қаржы бөлінді.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, жыл соңына дейін вакцинация және диагностикалық іс-шаралардың бекітілген жоспарын толық орындауды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын аяқтауды ескертті.

Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша күзгі залалсыздандыру шараларын сапалы әрі уақтылы жүргізу, құрылысы баяу ветеринариялық пункттер мен биотермиялық шұңқырларды жеке бақылауға алып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндеттелді.

  • 16.09.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика