• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жақын күндері Қостанайда экопарк ашылады

Қыркүйек айының аяғында Қостанай қаласының маңында аумағы 43,8 гектар болатын экопарк тұрғындарға қызмет ете бастайды. Бұл – Мемлекет басшысының ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңындағы аумақтарда экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан науқан.

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке қатысқан Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймағымыздағы жүзеге асып жатқан тазалық, абаттандыру, демалыс аумақтары, балалар алаңдары және спорттық нысандар жөнінде айтып берді.

2024 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын насихаттауға бағытталған.

2024–2025 жылдары бағдарламаны іске асыру барысында 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңдары орнатылды. 600-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылып, 1250-ден астам ескі және қараусыз қалған ғимарат бұзылды. 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды.

«Сол жылы мен кез келген бос аумақта шағын саябақтар немесе шағын скверлер ұйымдастыру жөнінде тапсырма бердім. Бүгінде облысымызда ескі саябақ аумақтары ретке келтіріліп, жаңа саябақтар мен аллеялар, заманауи қоғамдық кеңістіктер құрылуда», – деді аймақ басшысы.

Облыс орталығында тұрғындардың демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктердің саны жыл сайын артып келеді. Жақын уақытта мұндай орындар Береке және Юбилейный шағын аудандарында да пайда болады.

Демалыс күндері серуендеген кезде жаңа демалыс орындарына әр жастағы тұрғындардың қызығушылықпен келіп жүргенін көріп жүрмін.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңындағы аумақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, екі саябақ аймағын құру жұмыстары қолға алынған. Оның бірі – Қостанайдағы триатлон-парк. Енді бірі – қала сыртындағы орман қоры аумағында 43,8 гектар болатын экопарк.

Бұл – демалысқа, ойын-сауыққа және жарқын әсер алуға арналған заманауи кеңістік болады. Отбасымен бірге келіп, тынығып, күш жинап, уақытты жақсы өткізуге қолайлы орынға айналады.

Мұнда жүгіруге және велосипед тебуге арналған жолдар, футбол және волейбол алаңдары, орындықтар, беседкалар, балалар алаңдары салынады. Сонымен қатар 300 автокөлікке арналған тұрақ және салынып жатқан «Астана» тұрғын шағын ауданына өтетін жерасты өткелі қарастырылған.

Бұл жұмыстарға 660 млн теңге бағытталады.

«Экопарктердің құрылуы тұрғындардың қауіпсіз демалуына, спортпен шұғылдануына және отбасылық уақытты тиімді өткізуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидатын нығайтуға ықпал етеді», – деді Қостанай облысының әкімі.

Жалпы, жыл бойы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, аулаларды жаңарту, барлық елді мекендердің аумақтарын тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын талапқа сәйкестендіру және стихиялық қоқыс орындарын жою жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Биылғы жоспардың негізгі көрсеткіштері:

  • 70-тен астам көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу;
  • 97 балалар алаңын орнату;
  • 520-дан астам ескі және апатты тұрғын үйді бұзу.

Биыл облыс елді мекендерінде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланған. Оның шамамен 60 мыңы отырғызылды. Бұл жұмыстарға балалар мен жастар, волонтерлер және жергілікті кәсіпкерлер белсенді түрде атсалысуда.

  • 19.09.2026
  • 6
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика