• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Жамбыл облысындағы қант саласының дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу барысымен танысты

Жуырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, қант өндірісін жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды зерделеді. Сондай-ақ аграршылармен кездесіп, саланы дамытудың өзекті мәселелері мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

Сапар барысында министр Тараз қант зауытындағы ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.

Кәсіпорын 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдемей, негізінен қамыс шикізатымен жұмыс істеп келген. 2025 жылы отандық қант қызылшасын қайта өңдеуді жандандыру және өндірістік қуатты арттыру мақсатында зауытты жаңғырту басталды.

Жобаның инвестициялық құны – 12,4 млрд теңге. Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылғы қазан айында аяқтау жоспарланған.

Жоба іске асқаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 3 мың тоннаға дейін, жылына 300 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдей алады. Алдағы кезеңде өндірістік қуатты жылына 700 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 84 ауыл шаруашылығы құрылымымен келісімшарт жасалған.

Қазіргі уақытта кәсіпорындағы ескірген жабдықтар мен металл конструкцияларын бөлшектеу аяқталып, технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканың негізгі бөлігі жеткізілді. Бұдан бөлек, өндірістік инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қант қызылшасының қалдықтарын орналастыру үшін жер учаскесі бөлініп, санитариялық-қорғау аймағын абаттандыру шаралары қолға алынған.

– Бүгінде қант қызылшасын өңдеу қуатын қалпына келтірумен қатар, кәсіпорындарды отандық шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін қызылша өндірісін ұлғайтып, өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының байланысын күшейту қажет. Бұл ішкі нарықтағы қант өндірісінің көлемін арттырып, саланың тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді, – деді Айдарбек Сапаров.

Министр бұдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылып жатқан инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын қарады.

Атап айтқанда, «TRZ-AGRO» ЖШС-ның жылына 12 мың тонна өнім сақтауға арналған көкөніс қоймасының құрылысы таныстырылды. Жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Оның 995 млн теңгесі аталған бағдарлама аясында қаржыландырылған. 

Компания сондай-ақ жылына 7 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін ет комбинатын салуда. Жобаның жалпы құны – 3,1 млрд теңге, оның 2 млрд теңгесі бағдарлама шеңберінде қарастырылған. Кәсіпорын ет өнімдерін қайта өңдеу және өндіруге маманданады. Нысанды 2026 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру көзделген.

Сондай-ақ «КЭМА Агро» шаруа қожалығының егістік алқабында болып, қант қызылшасын өсіру кезінде заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен танысты.

Сапар аясында Айдарбек Сапаров облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен бірге жамбылдық шаруалармен кездесіп, өсімдік және мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін арттыру және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін күшейту мәселелерін талқылады.

– Біздің міндетіміз – қаражатты салаға бағыттаумен ғана шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізу. Яғни өндіріс көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең бастысы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын арттыру, – деді министр.

Өз кезегінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан агроөнеркәсіптік кешенге көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың арқасында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасқанын атап өтті.

– Биылғы егін түсімі жаман емес. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруалардың өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бар. Ендігі міндет – қол жеткізілген нәтижені сақтап, өнімділікті арттыру, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, – деді Ербол Қарашөкеев.

2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5,2 пайызға, Жамбыл облысында 5,5 пайызға өсті. Жыл қорытындысында саладағы өсімді 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Елімізде дәнді және бұршақты дақылдардың 72,5 пайызы, яғни 11,3 млн гектардың басым бөлігі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құрап, шамамен 16,2 млн тонна астық бастырылды.

Жамбыл облысында дәнді және бұршақты дақылдарды жинау жұмыстары алқаптардың 93 пайызында аяқталды. 351 мың гектар алқаптан гектарына орта есеппен 19,8 центнер өнім алынып, 700 мың тонна астық жиналды.

  • 21.09.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика