• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жастармен, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерімен бірге Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағында тазалық жұмыстарына қатысты.

Сенбілік барысында саябақ аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, тазалық жұмыстары «Бәйтерек» шағынауданында және «Қарасу» каналының аумағында ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 15 шақырым арық жүйелері мен каналдар тазартылып, 350 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Өңір басшысы тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

– Тазалық – баршамызға ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы қажет. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жеріміздің тазалығына бірге үлес қосамыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Дүниежүзілік тазалық күніне арналған сенбіліктер облыс аудандарында да жалғасты.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұйымдастырылған акцияларға 79,7 мың адам және 2,1 мыңнан астам кәсіпорын мен мекеме қатысты.

Акциялар барысында 48,5 мың түп жасыл желек отырғызылып, 5,5 мың шақырым көше жолы, 950 шақырым арық жүйесі мен канал, сондай-ақ 750,4 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы тазартылды. Сонымен қатар 12,1 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.

  • 21.09.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика