- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Торғайда жаңадан 24 пәтер салынып жатыр
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына барған жұмыс сапары барысында Торғай ауылында салынып жатқан жалпы ауданы 1440 шаршы метр екі пәтерлі 12 үйдің құрылысымен танысты. Баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып салынуда. Ауданда соңғы 3 жылда ауданда 59 пәтер пайдалануға берілді.
Жалпы, Жангелдин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Ірі қара саны 53,6 мыңға, жылқы 21,4 мыңға жетті. 42,3 мың гектарға егіс егілді, 131,7 мың тонна мал азығы дайындалды. Ауыл шаруашылығы саласына 12 техника сатып алынды.
12 елді мекендегі 9 265 тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 3 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, 1,4 мың аула тазартылды. 1250 жасыл желек отырғызылды, «Жасыл ел» бағдарламасына 80 жас тартылды.
Аймақ басшысы Торғайдағы «Мерген саябағына» барды. Демалыс орны жеке кәсіпкердің 25 млн теңге демеушілік қаражатына салынған. Аумағы – 4 мың шаршы метр. Биыл саябаққа көше тренажерлері орнатылды.
Облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
- 28.09.2026
- 6


