- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ОЯН АУЫЛЫНДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ САЛЫНДЫ
Оян ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды.
Құрылыс жұмыстары биылғы мамыр айында басталып, бүгінде толық аяқталған. Қазіргі уақытта медициналық нысанды пайдалануға беруге қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр.
Жалпы аумағы 106,7 шаршы метр болатын ғимарат тиісті талаптарға сай салынған. Мұнда қабылдау және ем-шара кабинеттері, санитарлық торап, оқшаулағышқа арналған жеке кіреберіс қарастырылып, қажетті инженерлік желілер тартылған. Жоба құны – 45 млн теңге.
Бұған дейін медициналық қызмет көрсету мекемесі ескі ғимаратта орналасқан еді. Жаңа пункт жайлы әрі кең. Мұнда 400-ден астам пациент тіркелген. Оның 118-і – бала, төртеуі – бір жасқа дейінгі сәби.
- 28.09.2026
- 4


