- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША KPO B.V. КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙДІ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін KPO b.v. компаниясына және оның мердігер ұйымдарына өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған KPO b.v. компаниясының басшылығы мен мердігер ұйымдары, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруда маңызды рөл атқарады. 2023-2026 жылдары бағдарлама аясында өңірге 16,6 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, 1746 микрокредит берілді және 2537 жаңа жұмыс орны құрылды.
KPO b.v. компаниясымен нәтижелі жұмыс жасалып келеді. Бұл серіктестік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде меморандум аясында компанияға жалпы құны 1 млрд 270 млн теңгенің өнімі жеткізілді.
Меморандум аясында компанияға 48,5 тонна сүт өнімдері, 6 млн 568 мың дана жұмыртқа, 213 тонна ет және 677 тонна көкөніс жеткізілген.
Өңірде зәкірлік кооперацияның төрт негізгі бағыты – ет, сүт, өсімдік шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша өндіріс көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.
Кеңес барысында KPO b.v. компаниясы мен облыс әкімдігі арасында бұрын жасалған меморандумдарды ұзарту, жаңа өндірістік нысандармен келісімшарттар жасау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын соңында KPO b.v. бизнес-серіктестеріне тамақ өнімдерін жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-мен келісімшарттарға қол қойды.
- 28.09.2026
- 4


