- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО МЕН ӨЗБЕКСТАН ӨҢІРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС БЕКИДІ
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримовпен кездесу өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 млрд АҚШ долларына жеткізу міндеті қойылған.
2026 жылдың алғашқы төрт айында Батыс Қазақстан облысының Өзбекстанмен тауар айналымы 40,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға өсті. Оның 40,3 млн доллары – экспорт, 0,4 млн доллары – импорт. Негізгі экспорттық өнімдер – жанармай, табиғи газ конденсаты, ірі қара еті және күнбағыс майы.
Кездесуде кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері қаралды. Өңір кәсіпорындарының көлік, құрылыс және мұнай-химия өнімдерін жеткізу бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын екені айтылды.
Сондай-ақ Ташкент пен Батыс Қазақстан облысында сауда үйлерін ашу мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Туризм саласындағы байланысты дамыту, жүк тасымалы мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.
- 28.09.2026
- 4


