- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысында IT-лицей-интернатының жаңа ғимараттары пайдалануға беріледі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатына қосымша ғимарат салу жұмыстарының барысын тексерді.
Балауса шағынауданында орналасқан білім беру нысанында орын тапшылығын шешу мақсатында үш блоктан тұратын жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, жоба аясында 300 орындық оқу блогы, 300 орындық жатақхана, асхана және спорт залы қарастырылған. Сонымен қатар акт залы мен кітапхана болады. Жер учаскесінің жалпы ауданы – 12 256,45 шаршы метр.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 98 пайызы аяқталған.
Бүгінде IT-лицей-интернатында 325 бала білім алады. Бұған дейін оқу орнында 45 орындық жатақхана болған. Жаңа 300 орындық жатақхана іске қосылғаннан кейін жатақханадағы жалпы орын саны 345-ке жетеді.
– Өздеріңізге белгілі, биыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Мемлекет басшысы бұл бағыттарды ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап отыр. Бұған дейін қаржыландыру мәселесіне байланысты дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатына қосымша ғимарат салу жұмыстары баяулаған еді. Қазір бұл мәселе толық шешілді. Бұл – облыс үшін маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Ендігі міндет – қалған жұмыстарды сапалы әрі уақтылы аяқтау. Үш блок та толық дайын болып, қазан айының соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс, – деді облыс әкімі.
- 30.09.2026
- 6


