• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарттар күні: Ербол Қарашөкеев белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжанның шаңырағына барды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі жазушы-драматург, публицист Елен Әлімжанның шаңырағына барып, оны 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Елен Әбдуатұлы Әлімжан – қазақ журналистикасы мен әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгер. Ол Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын бұқаралық ақпарат құралдарында бастап, Қазақ телевизиясында комментатор, «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде тілші және бөлім меңгерушісі, Жамбыл облыстық партия комитетінде нұсқаушы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінің меншікті тілшісі, «Түркістан» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жетекші маман, «Ақ жол» газетінде «Руханият» бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Алтын шырақ» журналының редакторы болған.

Кездесу барысында өңір басшысы қаламгердің шығармашылық еңбегіне тоқталып, ел руханиятына сіңірген еңбегін атап өтті.

– Сіздей ағалардың ақылы мен өмірлік тәжірибесі біз үшін әрдайым қымбат. Ең бастысы, аға, деніңіз сау болсын. Бала-шағаңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, отбасыңыздың ортасында аман-есен, абыройлы ғұмыр кеше беріңіз. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» дейді ғой. Сіз де елдің ортасында ақыл-кеңесіңізді айтып, баталарыңызды беріп, төрімізде отыра беріңіз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Өз кезегінде Елен Әлімжан көрсетілген құрмет пен ілтипатқа алғысын білдіріп, ел мен жердің амандығын тіледі.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімінің орынбасарлары өңірдегі еңбек және сала ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрсынкүл Әшірбаеваны, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ақын Қайырбек Асановты, облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі еңбек ардагері Раушан Әміреқұлованы арнайы құттықтады.

 

  • 02.10.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика