• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Президенттің Алғыс хатын табыстады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн форматта былтыр Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше атсалысқан тұлғалармен жүздесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.

«2020 жылы қазақ руханиятының темірқазығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын сындарлы кезеңге қарамастан халықаралық деңгейде атап өттік.

Өткен жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырудың түпкі мақсатына тоқталған болатын.

Осы орайда Мəдениет жəне спорт министрлігі өзге де мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, кешенді іс-шаралар легін өткізді. Бұл шаруаның бəрі қиын жағдайға қарамастан ел аумағы мен халықаралық деңгейде той тойлау үшін емес, азаматтардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани кемелденуіне бағытталды.

Абай - ұлт мақтанышы. Абай - даналық пен кемеңгерліктің алып шыңы. Хакім - заманы мен қоғамын ерте болжап, білім көкжиегіне көз жіберіп, кемел елдің келешегі тек білімде екенін насихаттаған кемеңгер тұлға. Жастардың болашағына жарқын жол сілтейтін жарық сәуле хакім туындыларында тұнып тұр. Сондықтан ақынның мол мұрасын зерттеп, көпшілікке ұсыну жұмысын жалғастыра береміз. Осы мерейтой аясында Абай мен Əл-Фараби əлемін еңсеруге ерекше атсалысқан азаматтарды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы алғыс хатпен марапаттап отыр»,-деді министр.

Осыдан кейін Мемлекет басшысының Алғыс хатын оқып берді.

«Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін.

Аталған мерейтойлар аясында қазақстандықтардың, әсіресе жас ұрпақтың санасына ұлы тұлғалардың өнегесін сіңіруге, тағлым алуға елеулі жұмыс жүргізілді.

Бірқатар шетел халқын хакім Абайдың және ұлы ойшыл әл-Фарабидің мұрасымен қатар, отандық мәдениет пен өнердің жетістіктерімен таныстырудың зор мүмкіндігі туды.

Тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін!»,-деп жазылған Президенттің Алғыс хатында.Жиын соңында Ақтоты Райымқұлова марапатталған азаматтарды құттықтап, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды айтулы тұлғаларымыздың мол мұрасын насихаттау жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

  • 08.04.2021
  • 328
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика