- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА 14 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңақала ауданының орталығында жалғыз үйі апатты деп танылған 14 отбасы баспаналы болды.
Биыл жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамту тетіктері заңнамалық тұрғыда реттеліп, «Реновация» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізілді. Жаңақала ауданында осы санат бойынша 52 тұрғын кезекте тұр. Бүгін олардың 14-і ескі баспанасының орнына бой көтерген жаңа үйге орналасты. Көп ұзамай ауданның 3 елді мекенінде тағы 7 пәтер пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Соның бірі — ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру. Биылдан бастап жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылды. Осы санаттағы отбасыларға Орал қаласын айтпағанда, Сырым және Тасқала аудандарында жаңа пәтерлер беріледі.
2023 жылдан бері өңірде 7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның 40 пайызы ауылдық елді мекендерде бой көтерді.
- 02.10.2026
- 2


