- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
САРЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жаңақала ауданына қарасты Сарыкөл елді мекенінде жаңа клуб есігін айқара ашты. Бұл — облыста 2023 жылдан бері салынған он алтыншы мәдениет нысаны.
Сарыкөл ауылы облыс орталығынан 300 шақырымдай шалғайда жатыр. Мұндағы мәдениет нысаны апатты деп танылған. Бас-аяғы 5 айдың ішінде жаңа ғимарат бой көтерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қала мен ауыл мектептеріндегі айырмашылықты азайту жөнінде нақты міндеттер қойды. Жаңа оқу жылында ауылдық елді мекендерде 8 мектепті пайдалануға берілді. Бұл тапсырма тек білім сапасына ғана қатысты емес.
Мәдениет үйіндегі концерт залы 80 орынға лайықталған. Мердігер ұйым музыкалық аппаратура мен сахна жабдығын сыйға тартқан. Клубта төрт үйірме жұмыс істейді. Ауылдық кітапхана да осында орналасқан. Әжелер мен келіндер ансамбльдері мәдени-рухани шаралардың ұйытқысына айналды.
- 02.10.2026
- 3


