• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Құс қанат ғұмыр»: Таразда ақын Серік Томановты еске алу кеші өтті

Жамбыл облысында белгілі ақын, журналист Серік Томановтың 70 жылдығына арналған «Құс қанат ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Әдеби-сазды әсерлі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, елімізге белгілі ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер өкілдері мен ақынның оқырмандары қатысты. 

Кешті танымал ақын Ерлан Жүніс жүргізді.

Жиында Серік Томановтың «Құс қанат – менің ғұмырым» атты жыр жинағының тұсаукесері өтіп, ақынның шығармалары негізінде поэзиялық композиция ұсынылды.

Өңір басшысы Серік Томановтың қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, қара өлеңнің қадірін білген, әдебиетке адал қызмет еткен талантты ақын екенін атап өтті.

– Серік Томанов – Таластан шығып, Алаштың ақынына айналды. Өмірін өлеңге арнады. Ақын жырларына қоғам шындығын арқау етіп, адам болмысы мен өмір философиясын терең толғады. «Адасып жүрген ақбөкен едім», «Пәруана», «Жұлдыздан терем өлеңді» секілді жыр жинақтары оқырманның ыстық ықыласына бөленді.

Шынайы шығармашылықпен айналысып, бар ғұмырын жазуға арнады. Тағдырдың талай сынына өлеңімен жауап беріп, ағысқа қарсы жүзді. Өз жолын қалыптастырды. Бүгінде ақынды замандастары ғана емес, кейінгі жас буын да сағынышпен еске алып, өлеңдерін оқып, шығармашылығын құрметтейді.

Серік Томановтың жырлары ғана емес, сөзіне жазылған әндері де ел жүрегінен орын алды. «Сезімді қайтем тулаған», «Аузынан Айдың түскен қыз», «Құс қанат – менің ғұмырым» сияқты өлеңдері әнге айналып, халықпен бірге жасап келеді.

Халқымызда «Жақсының аты өлмейді» деген аталы сөз бар. Бүгін біз осы сөздің мәнін тағы бір мәрте сезініп отырмыз. Серік Томановтың есімі де, жырлары да сіздердей жанашырлары мен оқырмандары барда ешқашан ұмытылмайды, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі ақынның жары Бибігүл Оразбаеваға құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады.

Сондай-ақ кеште Серік Томанов атындағы республикалық мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды.

Бірінші орынға Жамбыл облысының ақыны Табиғат Абаилдаев лайық деп танылып, 500 мың теңге көлеміндегі жүлде табысталды. Екінші орынға Алматы қаласынан Нұртас Тұрғанбек ие болып, 300 мың теңге алды. Үшінші орын Астана қаласының ақыны Олжас Сәндібекке беріліп, 200 мың теңге табысталды.

Ал арнайы жүлдеге жамбылдық ақын Арайлы Жақсылық ие болды. 100 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлде Серік Томановтың отбасы атынан тағайындалған.

Кеш барысында Бибігүл Оразбаева, белгілі ақын-жазушылар Маралтай Райымбекұлы, Қазыбек Иса және Көсемәлі Сәттібайұлы Серік Томановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, ақынның рухани мұрасы жайында сыр шертті.

Салтанатты шарада эстрада жұлдыздары мен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары Серік Томановтың сөзіне жазылған әндерді орындады. Әуезді әндер мен ақын жырлары көрерменге ерекше әсер сыйлап, кештің мазмұнын аша түсті.

Әдеби кештің әсерлі сәтін танымал әнші Мейрамбек Беспаев «Құс қанат – менің ғұмырым» әнімен қорытындылады.

 

  • 02.10.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика