- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Құрметті ұстаздар!
Қадірлі білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз болу – шәкіртке білім беріп қана қою емес, оның бойына ізгілік ұялатып, жүрегіне сенім ұялату. Сіздердің әрбір айтқан ақылдарыңыз, берген білімдеріңіз бен көрсеткен өнегелеріңіз талай жастың өмір жолына бағыт-бағдар болып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Менің мақсатым - ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу» – деген сөзі мұғалім еңбегінің ел дамуының негізі, ұрпақ тәрбиесінің өзегі екендігін айқындайды.
Бүгінде Жамбыл облысында 40 мыңға жуық ұстаз 250 мыңнан аса балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде шәкірттеріміз білім додаларында биіктен көрініп, түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, өңір мерейін үстем етуде.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген халқымыздың тағылымды сөзі Сіздердің еңбектеріңізбен үндеседі. Өйткені шәкірт бойындағы әрбір жақсы қасиеттің қалыптасуында ұстаздың ақылы мен өнегесінің орны айрықша.
Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің әрбір жеңісі Сіздерге қуаныш сыйласын. Мәртебелеріңіз биіктеп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін! Әр күндеріңіз ізгі жаңалыққа толып, маңдай термен атқарған еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
Ұстаз берген білім – өмірге жағылған шам. Сол шамның жарығы шәкірт жүрегінде мәңгі сөнбесін!
Мереке құтты болсын!
- 05.10.2026
- 4


