• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еркін ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматы облысы Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының 15 мыңға жуық тұрғыны бүгін қуанышқа кенелді. Ауылда бір ауысымда 100 адам қабылдауға лайықталған жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Еске салсақ, жергілікті тұрғындар облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында осы мәселені көтерген болатын. Кейін бұл әлеуметтік маңызды жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды өңірлік бағдарламасына енгізіліп,  бүгін, міне, жаңа нысан пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін амбулатория 1964 жылы салынған кішкентай ғимаратта болған. Жаңа нысан салуға жергілікті бюджеттен 378 млн. теңге жұмсалды. Қазіргі жаңа ғимарат екі қабатты, аумағы 1000  шаршы метр, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Жаңа амбулаторияда УЗИ, ЭКГ бар, сол сияқты стоматолог маман да осында. Бұрын бұл қызметтер үшін еркіндіктерге

Талдықорғанға баруға тура келетін. Мұнда жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге, акушер-гинекологқа, стоматологқа, психологқа арналған кабинеттер, балаларды дамытуға арнап жабдықталған бөлме, скрининг өтетін кабинет, УЗИ зерттеуі, 2 егу бөлмесі мен 2 процедуралық бөлме, массаж және физиокабинеттер, сол сияқты мәжіліс залы қарастырылған. Сондай-ақ «таза» және «лас» аймаққа бөлінген фильтр  бар. Егу пунктінде әрбір ниет білдіруші коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыра алады. Амбулаторияда Еркін және Көктал ауылдарын қосқанда барлығы 18 мың адамға медициналық қызмет көрсетіледі. Штатта 42 медицина маманы жұмыс істейді.  

Жаңа амбулаторияға арнайы барған Амандық Баталов құрылыс сапасы мен нысанның материалдық-техникалық жабдықталуына оң баға берді. Сол сияқты ол жуырда амбулаторияға жаңа жедел жәрдем машинасы берілетінін де айтты.

«Еркін ауылының тұрғындары өткен жылғы есепті кездесуде ауылға жаңа амбулатоия керек деген мәселе көтерген еді. Соған байланысты тиісті басқармаға тапсырма бердім, сөйтіп, бір жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен жаңа амбулатория салынды. Қазір халыққа қызмет көрсетуге дайын. Нысан сапалы салынған, заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Елбасы мен Президенттің алға қойған басты міндеттерінің бірі - халықтың денсаулығын нығайтуға жаңа нысан қызмет ете берсін», - деді А.Баталов.

Жергілікті тұрғын, еңбек ардагері, медиатор Шолпан Мұсанова әсерін бөлісіп, тілегін білдірді:

- Өткен жылы жаңа заманауи амбулатория салып береміз деп уәде беріп еді, биыл, міне, қолданысқа беріп отыр. «Айтты, жасады», - деуші еді ғой. Сөз бен істің бір жерден шыққанына қуаныштымыз. Ел басшыларына, облыс басшылығына халықтың денсаулығына қамқорлық жасағаны үшін рақмет айтамын. Енді қалаға сабылып жүрмей-ақ, керекті медициналық қызметті өз ауылымызда да ала аламыз, - деді ол.

Атап өтсек, медициналық қызметтің қол жетімділігін арттыру мақсатында биылғы жылы Жамбыл және Қарасай аудандарында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2 дәрігерлік амбулатория, сол сияқты облыстың әр түкпірінде блокты-модульді конструкциядан 20 медпункт салынады. Облыста өткен жылы барлығы 14 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылды, соның 8-і – дәрігерлік амбулатория, 1-еуі – медициналық пункт.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

 

  • 08.04.2021
  • 224
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика