• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетісу облысы құрылғаннан бері 26 білім беру нысаны салынып, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді

Жетісу облысы құрылғаннан бері білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы уақыт аралығында 26 жаңа білім беру нысаны салынып, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді, бейімделген мектептердің саны екі есеге қысқарды. Сонымен қатар педагогтерді жүйелі қолдау және мұғалім мамандығының беделін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Мұғалімдер күніне орай өңірдің 350-ден астам педагогі марапатталды, олардың 9-ы мемлекеттік наградаларға ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз кеңесінде: «Адамды, оның дүниетанымын өзгерту тек нағыз тәлімгердің қолынан келеді», - деп атап өтті. Қоғамда заң мен тәртіпке, тазалық пен мәдениеттілікке негізделген жаңа этиканы қалыптастыру ісі осы маңызды миссиядан, яғни мектеп қабырғасынан басталады. Балаларымыздың білім алуы ғана емес, тәрбиесі, өмір қиындықтарына дайын болуы және адамгершілік қасиеті да сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан педагогтерді қолдау мен олардың еңбегіне лайықты жағдай жасау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі.

Өзін-өзі жетілдірудегі жетістіктерімен, шығармашылық ізденістерімен, оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдануымен ерекшеленген бірқатар педагогті атап өткен өңір басшысы мұғалімдердің кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы олардың шәкірттерінің жетістіктері мен табыстарынан көрінетінін айтты. Бұл ретте ауыл мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мың бала» олимпиадасында 33 бала жеңімпаз атанса, 14 оқушы еліміздің үздік лицейлерінде тегін білім алуға жолдама алған. Сонымен қатар соңғы 4 жылда өңір оқушылары халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік байқауларда 73 жүлделі орынға ие болды, оның 13-і алтын, 28-і күміс және 32-сі қола медаль.

Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, облыс педагогтерінің 85,5%-ы оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану бағытындағы оқудан өтті. 12 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырса, 14 мыңнан астам педагог санатына сәйкес лауазымдық жалақысына ай сайынғы үстемеақы алады. Сондай-ақ жыл сайын «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мемлекеттік гранттар табысталады. Сондай-ақ соңғы 4 жылда 1400 жас маманға «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен көтерме ақы, сондай-ақ 554 маманға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие берілді.

Облыс құрылғаннан бері жан-жақты қолдаудың арқасында өңіріміздің 29 педагогі жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Педагог-шеберлеріміз де ерекше құрметке бөленді. Олардың барлығы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Қазіргі таңда Жетісу облысында 19 мың педагог еңбек етеді. Биылғы оқу жылында Рудничный және Сұптай ауылдарында жаңа мектептер іске қосылды. Ал Республика күні қарсаңында Көксай ауылында жаңа мектеп пен Талдықорған қаласында «Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты есігін айқара ашады. Сонымен қатар Қаратал ауданының Үштөбе қаласында, сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Көксу ауданының Балпық би ауылында әрқайсысы 600 орынға арналған мектептер салынуда. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін өңір мектептері физика, химия және биология пәндеріне арналған 240 заманауи кабинетпен жабдықталады.

  • 06.10.2026
  • 7
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

Исабаев Б.Ө.
(Мұрағат)

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика