- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу қорытындысының тұсаукесері
2019 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы аясында «Заңнаманы іске асырудың тиімділігін бағалау заңнама мен құқық салаларын жетілдірудің алғышарты ретінде» тақырыбында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу қорытындысының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - Құқықтық мониторинг орталығы жүргізген ғылыми зерттеудің нәтижелерін қорытындылау және қолданыстағы мониторинг тетігін жетілдіру жөнінде, оның ішінде құқықтық мониторингтің теориялық және практикалық проблемаларын талдау негізінде заңдардың іске асырылуын бағалау арқылы, өндірілген ғылыми-практикалық ұсынымдарды ұсыну.
- 20.12.2019
- 469