• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен алдағы көктемдегі су тасқыны кезеңіне дайындық тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті. Бұл – облысымыз үшін аса маңызды әрі жауапты міндеттердің бірі. Жиында жауапты органдар мен қала, аудан әкімдері баяндама жасады.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, алдын ала жүйелі жүргізілген жұмыстар ықтимал тәуекелдерді барынша азайтып, ең бастысы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары күшейтілді. 2025 жылы 860 млн теңгеге су сору құралдары, бөгеттер мен су тасқынына қарсы қоршаулар сатып алынды. Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қажеттіліктері үшін шамамен 1 млрд теңгеге 50 бірлік техника сатып алынды. Оның ішінде 7 бірлік жоғары өтімді техника (батпақты жерлерде жүре алатын көліктер), 3 бірлік вахталық автокөлік және жол талғамайтын 20 бірлік техника бар. Ендігі міндет – алдағы су тасқыны кезеңінің ықтимал қауіптерін нақты бағалап, қалған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау», – деді облыс әкімі.

Биылғы су тасқыны кезеңі ауқымды су басу оқиғаларынсыз өтті. Дегенмен, автожолдардың үстінен судың асып өтуінің 14 жағдайы тіркелді. Салыстырмалы түрде, 2025 жылы мұндай 18 жағдай болған.

Жыл сайынғы бақылау нәтижелері бойынша облыста су басу қаупі жоғары 113 автомобиль жолының учаскесі анықталды. Дайындық жұмыстары барысында бұл учаскелерге ерекше назар аудару қажет. Ең бастысы, бірде-бір елді мекеннің көлік қатынасынсыз қалмауы үшін алдын алу шараларын уақтылы әрі толық көлемде қабылдау керек. Негізгі міндет – елді мекендер мен нысандарды су тасқыны суларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету.

«Қазіргі уақытта алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, су өткізу қабілетін арттыру мақсатында 53 су өткізу құбыры жөнделді. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда – 25, облыстық маңызы бар жолдарда – 10, аудандық маңызы бар жолдарда 18 құбыр жөндеуден өтті. 9,8 км қорғаныс топырақ үйіндісі нығайтылып, күшейтілді, 15 су өткізу құбыры орнатылды. Гидротехникалық құрылыстардың зақымданған учаскелері қалпына келтіріліп, су жинайтын бөгеттер тазартылды», – деді Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне оларды пайдаланатын және күтіп-ұстайтын барлық ұйым жауапты екенін ерекше атап өтті. Ал бұл бағыттағы негізгі жауапкершілік қала және аудан әкімдеріне жүктелетінін жеткізді.

«Қыс мезгілінде де жүргізілетін барлық су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыландыруды алдын ала қамтамасыз етіп, инертті материалдардың, жанар-жағармайдың, азық-түліктің, жүзу құралдарының, су сорғылау және инженерлік техниканың жеткілікті қорын дайындау қажет. Барлық қажетті шараларды алдын ала қабылдап, күштер мен құралдардың толық дайындығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл ықтимал тәуекелдерді барынша азайтып, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қала және аудан әкімдері жоспарланған жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Инженерлік жұмыстар жоспарының іс-шаралары орындалмаған жағдайда, жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізілсін»,– деді аймақ басшысы. Өңір жетекшісі қалалар мен аудандардың әкімдеріне уәкілетті органдармен бірлесіп жыл соңына дейін су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.

  • 15.10.2026
  • 9
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика