- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанай ауданындағы маңызды жобалар
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай ауданына барған жұмыс сапарында бірқатар маңызды жобалардың ашылуына қатысты. Атап айтқанда, Майкөл ауылдық округінде қуаты 100 МВт жел электр станциясы, сүт-тауарлы фермасы іске қосылды, автокөлік жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Қостанай ауданында 2026 жылы экономиканың негізгі салаларында оң динамика сақталды. Өнеркәсіп өндірісі 15,5%-ке, өңдеу өнеркәсібі 18,1%-ке, негізгі капиталға салынған инвестициялар 15,3%-ке өсті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4805-ке жетіп, 10,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Биыл 2,1 млрд теңге болатын 2 инвестициялық жобаны іске асырылуда, 30 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Ауданның егіс алқабы 381 мың га. 425,3 мың тонна өнім жиналды.
Майкөл ауылдық округінде қуаты 100 МВт жел электр станциясы іске қосылды. 16 жел генераторы орнатылды. 38,6 млрд теңге инвестиция тартылды. 2029 жылға дейін жел энергетикасының жалпы қуатын 1250 МВт-қа жеткізу жоспарланып отыр.
«Қостанай – Мамлютка» автомобиль жолының 43 км учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыста 16 сүт-тауарлы фермасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Оның 7-еуі пайдалануға берілді. Қостанай ауданындағы «ДК Максат KZ» ЖШС-нде жылына 4,4 мың тонна сүт өндіретін ферма ашылды. 3,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 60 жаңа жұмыс орны құрылды.
Биыл Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында 43 мың шаршы метр болатын 13 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. 47 мың шаршы метр болатын 10 тоғыз қабатты үйдің құрылысы жалғасуда.
- 15.10.2026
- 6


