• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі өз қызметтерін қалай цифрландырды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын әртараптандыру, шикізат емес экспорт көлемін арттыру және мемлекеттік секторды жан-жақты цифрландыру жұмысының стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Президент басымдық беріп отырған мәселелер -  бір-бірінен бөле-жара қарауға келмейтін, тұтас даму парадигмасы. 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы заманауи технологияларды сыртқы сауда жүйесінің басты қозғаушы күшіне айналдыруға берілген айқын серпін екені сөзсіз.

Осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолында «Бәйтерек» холдингі құрамындағы «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) ұлттық институт ретінде өз қызметін толықтай цифрлық жүйеге көшірді. Осыдан біраз уақыт бұрын экспортты қолдау мен қаржылық құралдарға қол жеткізу ұзақ бюрократиялық рәсімдерді, толассыз мақұлдаулар мен қағазбастылықты талап етсе, бүгінде отандық сыртқы сауда экожүйесі түбегейлі сапалы өзгерісті бастан кешіріп жатыр. Қолдау құралдарының жылдамдығы мен функционалдығы халықаралық финтех-платформалардың стандарттарына толығымен сәйкес келеді.

Бүгінгі жаһандық саудада тек тауардың бәсекеге қабілетті бағасы мен сапасы жеткіліксіз. Клиентке бағытталған икемділік, шешім қабылдау мерзімі, транзакциялық шығындарды азайту және шетелдік контрагенттердің төлем қабілетсіздігі тәуекелдерін жедел сақтандыру басты басымдыққа айналды. Халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктердің трансформациялану тенденциясына сай, қазақстандық ЭКА да дәстүрлі сақтандыру компаниясынан аналитикалық деректерді, қаржылық-сақтандыру құралдарын және клиенттік сүйемелдеуді біріктіретін біріңғай цифрлық платформаға айналды.

Бұл экожүйенің іргетасы екі іргелі технологиялық шешімнен тұрады:

  • «Экспорттаушының жеке кабинеті»:  жүйе «өтінім – құжат жинау – сарғая күту» түріндегі классикалық процесті тарих қойнауына жіберді. Енді кәсіпкерлер қашықтан онлайн-тіркеліп, өзіне қажетті сақтандыру өнімін икемді алгоритм арқылы таңдайды. Өтінім беруден бастап, сақтандыру полисін ЭЦҚ арқылы бекітуге дейінгі барлық цикл толығымен цифрландырылған. Қазірдің өзінде 150-ден астам өндірістік кәсіпорын осы портал арқылы сақтандыру мен кепілдік беруден бастап, экспорталды қаржыландыруды қамтитын 20-дан астам құралға кедергісіз қол жеткізіп отыр.

  • «Экспорттаушылар витринасы»: сыртқы нарықтарға арналған «Made in Kazakhstan» брендінің цифрлық маркетплейсі. Каталогта АӨК, тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, машина жасау және құрылыс салаларының өнімдері топтастырылған. Бүгінде платформада 465 отандық экспорттаушының 1200-ден астам тауарлық позициясы орныққан. Негізгі артықшылығы — мұндағы әрбір компания Агенттіктің кешенді комплаенс-бағалауынан өтіп, «ЭКА тексерген» сапа белгісіне ие болады. Бұл халықаралық сатып алушылар тарапынан ақпараттық асимметрия мен сенімсіздікті жоятын басты сауда триггері.

Президент Жолдауында аталғандай, цифрлық трансформация — сыртқы интерфейсті әдемілеу емес, ішкі бизнес-процестерді (BPM) терең оптимизациялау. Агенттік өзінің ішкі андеррайтингтік жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) мен Big Data аналитикасын толығымен енгізді.

  • ЖИ-андеррайтинг: интеллектуалды алгоритмдер шетелдік контрагенттердің қаржылық жағдайын, несиелік тарихын және саяси-юрисдикциялық тәуекелдерін лезде талдайды. Бұл отандық экспорттаушылар үшін сақтандыру лимиттерін бекіту уақытын бірнеше есеге қысқартты.

  • Blink ЖИ-платформасы: келіссөздер мен халықаралық сауда мәмілелерін сүйемелдейтін арнайы модуль. Сервис аудиоматериалдарды нақты уақытта транскрипциялап, негізгі шарттарды саралайды және хаттамаларды автоматты түзеді. Бұл адами фактордан кететін операциялық қателіктерді барынша азайтады.

Цифрлық экожүйенің іске қосылуы мен бизнес-процестердің ашықтығы нақты сандық индикаторлармен дәлелденіп отыр. Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Агенттік қазақстандық 78 экспорттаушыға 514 миллиард теңгеден астам сомаға қаржылай-сақтандыру қолдауын көрсетті.

Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы да арта түсті: қолдау тапқан жобалардың 63 пайызы шағын және орта бизнес секторларына тиесілі. Ал жүзеге асырылған шаралардың жиынтық мультипликативті экономикалық тиімділігі 1,7 триллион теңгені құрады.

Қазіргі дәуірде экспорт — бұл тек тауар логистикасы емес, бұл — деректер ағыны, шешім қабылдау жылдамдығы және сақтандырылған сенімділік. Агенттік 2026 жылы сервистерді одан әрі тереңдете цифрландыруды, екінші деңгейдегі банктермен бірлескен экспорттық несиелерді портфельдік сақтандыруды және экспорталды қаржыландырудың цифрлық желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы белгілеп берген даму векторларына сәйкес, ЭКА цифрлық мүмкіндіктері — отандық өңдеуші сектордың сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, қолжетімді әрі сенімді инфрақұрылымы болып қала береді.

  • 21.10.2026
  • 6
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика