- Блогтар
- Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Басқарма төрағасы
ЭКА экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартына сәйкес екені расталды
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ экологиялық менеджмент жүйесінің ҚР СТ ISO 14001-2016 стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша жоспарлы инспекциялық аудитті аяқтады.
Бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар қолданыстағы жүйенің жоғары нәтижелілігін және белгіленген стандарттарға толық сәйкестігін растады.
Инспекциялық аудит нәтижелері ЭКА-ның экологиялық менеджмент жүйесін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, сондай-ақ компанияның орнықты даму және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
- 21.10.2026
- 6


