• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сенат «Туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Ақтоты Райымқұлова бұл Заң жобасы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы 1 қыркүйекте VI шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленгенін, еліміздің стратегиялық құжаттарына сәйкес туризм саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталғанын жеткізді.
 
«Заң жобасының негізгі жаңалықтары:

1. Басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізу

Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ.

Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады.

Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған (басым инвестициялық жобалар бойынша шекті мәнді төмендету, инвестордың шығындарын өтеу кезінде жоба құнының неғұрлым жоғары шегі).

2. «Шетелдік туристен туристік алымын» жүйесін енгізу

Әлемдік тәжірибені ескере отырып және ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерден туристік алым енгізу және операторларды анықтау жоспарланып отыр.

Туристік алым мөлшерлемесінің өзін Мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді.

3. Туризм саласындағы реттеу саясатын жетілдіру және оны кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру

Бұл туроператор қызметіне лицензияны кіші түрлерге бөлу (кіру туризмі саласында, ішкі және ішкі туризм саласында), профилактикалық бақылауды келмей-ақ реттеу сияқты нормалар. Айта кетейік, заң жобасында профилактикалық бақылауды регламенттеу Кәсіпкерлік Кодекске сәйкестендіру үшін жүргізілді.

4. Туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуге байланысты уәкілетті және басқа мемлекеттік органдарға келесідей қосымша құзыреттер беру

- туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;

- туристік мақсаттарға арналған көлік құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бір бөлігін өтеу;

- туристік пакет шеңберінде әрбір келген шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау;

- санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсіпкерлер шығындығындарын субсидиялау;

- туристік пакет шеңберінде балаларға арналған ұшу билеті үшін тасымалдау төлемін өтеу;

Біздің есебіміз бойынша бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңге тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Осы нормалардың барлығы саланың дамуына оң әсерін тигізеді және инвестицияны арттырудың тиімді механизміне айналып, саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 8 пайызға дейін жеткізуге жол ашады»-деді министр.

Баяндама соңында аталған Заң жобасын Сенаттың барлық комитеті мақұлдап,  қолдау тапқанын айтты. Сенат депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша Заң жобасы қабылданды.

  • 08.04.2021
  • 244
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика