- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанайда мемлекеттік символдарға арналған тұғыр орнатылды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Республика күні Қостанайда мемлекеттік символдарымызға арналған орнатылған тұғырдың ашылуына қатысты. Салтанатты шараны қала тұрғындары мен қонақтары келіп тамашалады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз» – деп атап өтті.
Азаттық жылдарында Қазақстан шекарасын бекітіп, экономикалық жаңғыртуды қалыптастырды, халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтты.
Биыл қабылданған жаңа Конституцияда егемендік пен аумақтық тұтастыққа, адам құқықтары, заң үстемдігі және ел бірлігіне басымдық берілді. Бұл өзгерістердің түпкі мақсаты – әділетті қоғам құрып, әр азаматтың өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасау.
«Мемлекеттік Ту – бірлігіміз бен ынтымағымыздың, ортақ жауапкершілігіміздің символы. Татулықты сақтау, заңды құрметтеу, адал еңбек ету және ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру – Егемендігімізді нығайтудың басты кепілі. Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!», – деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.
- 26.10.2026
- 6


