- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанайда Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды
Бұқаралық спортты дамыту мен қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыру Мемлекет басшысының ерекше назарында.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Республика күні аймақ орталығында Жекпе-жек сарайы құрылысының басталуына қатысты. Шараға қала тұрғындары, спортшылар да қатысып, нысанның алғашқы кірпішін қалау рәсімін өткізді.
2023 жылдан бері облысымызда 40-тан астам спорт нысаны – 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат спорты манежі және бассейн салынды.
Енді міне, спортшылар, жастар мен барша аймақ тұрғындары үшін Жекпе-жек сарайының құрылысы басталып отыр.
Жалпы ауданы 5,6 мың шаршы метр болатын 3 қабатты Жекпе-жек сарайында түрлі жаттығу залдары орналасады. Республикалық және халықаралық жарыстарды, ұлттық құрама командаларының оқу-жаттығу жиындарын өткізетін жарыс залы болады. Кешенде көркем гимнастикаға арналған мамандандырылған зал қарастырылады.
Кешеннің өткізу мүмкіндігі бір ауысымда 100-ден астам спортшының жаттығуына жағдай жасайды.
- 26.10.2026
- 6


