• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 1,6 есеге өсті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум барысында өңір басшысы сауда-экономикалық байланыстардың нәтижелерін таныстырып, алдағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарына тоқталды.

Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев қатысты.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ербол Қарашөкеев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуда Жамбыл облысының айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Жамбыл облысы Қырғыз Республикасымен тікелей шектеседі. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығының шамамен 60 пайызы Жамбыл облысының аумағына тиесілі.

Экономикалық байланыстардың нығаюын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі – өзара сауда көлемінің артуы.

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 112,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе жоғары.

Осы кезеңде Жамбыл облысынан экспортталған өнім көлемі 1,9 есе өсіп, 79,9 млн АҚШ долларына жетті. Ал Қырғызстаннан импортталған тауар көлемі 1,1 есе артып, 32,8 млн АҚШ долларын құрады.

Сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға арналған тақырыптық сессия барысында Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Өңір басшысы өзара ынтымақтастықтың бірнеше басым бағытына назар аударды. Олардың қатарында өнеркәсіптік кооперация, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, су ресурстары мен туризм бар.

Бірлескен жобалардың ішіндегі перспективалы бағыттардың бірі – «Қарасу» және «Ақ-Тілек» өткізу пункттері маңында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру.

Аталған кешенді бірлескен өндіріс орындарын орналастыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сауда жасауға арналған алаң ретінде дамыту көзделіп отыр. Жобаның іске асырылуы жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруға және екі ел кәсіпорындарының үшінші мемлекеттердің нарықтарына шығу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру үшін Қордай ауданынан 165 гектар жер учаскесі белгіленген. Қазір жерге орналастыру жобасы мен құқық белгілейтін құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Форум барысында трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жамбыл облысындағы суармалы судың шамамен 85 пайызы Қырғызстан аумағында қалыптасатындықтан, Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде бірлескен жұмысты жолға қоюдың маңызы зор.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты ретінде туризм саласы аталды. Жамбыл облысы ежелгі Тараздың тарихи-мәдени мұрасын Қырғызстанның табиғи көрікті жерлерімен, соның ішінде Ыстықкөлмен және таулы туристік нысандарымен байланыстыратын ортақ туристік бағыттарды дамытуды ұсынады.

Өз сөзінде Ербол Қарашөкеев өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғызстанның шекаралас өңірлері өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құру, инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, кәсіпкерлердің тұрақты кездесулерін және жыл сайынғы өңіраралық бизнес-форум өткізу ұсынылды. Сонымен қатар инвесторларды қолдау және олардың жобаларын сүйемелдеу үшін «бір терезе» тетігін енгізу қажеттігі айтылды.

Өңір басшысы алдағы уақытта әріптестікті дамыту тек өзара сауда көлемін арттырумен шектелмей, бірлескен кәсіпорындар құруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты өндірістік байланыстарды қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

  • 02.11.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика