- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ОРАЛДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Орал қаласының Зачаган кентінде шығармашылықты дамыту орталығы бой көтереді. Жаңа нысан қосымша білім беру ұйымдарының жетіспеушілігін жоюға және балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Зачаган кентіндегі 8 мектептің жобалық сыйымдылығы 8 мың орынды құрағанымен, оқушылар саны бұдан екі еседей көп. Осыған байланысты балалардың сапалы қосымша білім алуына жағдай жасау өзекті мәселеге айналып отыр.
Нысанның жалпы ауданы – 3,1 мың шаршы метр, жер учаскесінің көлемі – 2,2 гектар. Екі қабатты, жертөлесі бар ғимарат 167 орынға шақталған. Келесі айда басталатын құрылысты 2027 жылғы тамызға дейін аяқтау жоспарланған.
Орталықта мектепалды даярлық сыныптары, STEM кабинеттері, шығармашылық үйірмелер, музыка және вокал студиялары, тіл курстары, оқу кабинеттері, мәжіліс залы мен асхана болады. Сонымен қатар бассейн, теннис корты, күрес, баскетбол және ұлттық ойындар залдары қарастырылады.
- 02.11.2026
- 11


