- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Оңалту, спорт және креативті индустрия
Талдықорған қаласында жаңадан салынып және күрделі жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстым. Олардың қатарында денсаулық сақтау, оңалту, креативті индустрия және спорт салаларының объектілері бар.
«Қаратал» шағын ауданында салынып жатқан оңалту орталығының құрылыс алаңында болды. Мұнда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 150 орынды оңалту орталығы бой көтеруде.
Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қарашасында басталған, келесі жылы наурызда аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 100-ге жуық адам тартылса, соның 25-і - жергілікті тұрғындар. Сол сияқты 9 техника жұмылдырылған. Жалпы, ғимараттың дайындық деңгейі 56%.
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында да қалпына келтіру, сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысанда А, Б блоктарын левкастау, есіктерін салу жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар абаттандыру ісі басталған. Дегенмен жұмыс кестесінен кешеуілдеу бар. Құрылыс қарқынын күшейту қажеттігі жайлы мердігер ұйымға қатаң ескерту жасадым.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің құрылыс алаңына бардым. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынып жатқан 2 қабатты нысан 150 орынға арналған. Қазір мұнда 43 жұмысшы, 13 техника жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Қазір ғимараттың қабырғалары қаланып, электрика, сантехника жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инклюзивті спорт кешені жобасында әмбебап спорт залы, мамандандырылған жаттығу алаңдары, күрес және күштік дайындық залдары, оқ ату тирі, садақ ату алаңы, медициналық блок, сондай-ақ жаттығулар, жарыстар мен оңалту іс-шараларын өткізуге қажетті инфрақұрылым қарастырылады.
Облыс орталығындағы аталған әлеуметтік сала нысандары құрылысының сапалы жүргізілуі мен мерзімінде аяқталуын бақылау тиісті жауапты мекемелерге қатаң тапсырылды.
- 03.11.2026
- 10


