- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ҚАБЫРШАҚТЫ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Ақжайық ауданында Қабыршақты ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді.
1961 жылы салынған бұрынғы мәдениет үйінің тозығы жетіп, апатты деп танылған. Су жаңа нысанның бой көтеруі ауылдық округтің мәдени өміріне тың серпін бермек. 376 млн теңгенің жобасын «АлТим» ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимараттағы көрермен залы 100 орынға лайықталған.
Жалпы айтқанда, кейінгі үш жылда Ақжайық ауданына қарасты Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, Көнеккеткен ауылында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 2023 жылдан бері өңір бойынша 17 мәдениет нысаны жаңадан салынды.
- 05.11.2026
- 3


