- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА 26 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Республика күні қарсаңында Тасқала ауданында жалғыз үйі апатты деп танылған 26 отбасы баспаналы болды.
Биыл жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамту тетіктері заңнамалық тұрғыда реттеліп, «Реновация» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізілді. Тасқала ауданында осы санат бойынша 33 тұрғын кезекте тұр. Олардың 79 пайызы көпқабатты үйдегі жаңа пәтерлерге орналасты. Тұрғын үй ауласы абаттандырылған. Балалар ойын алаңы жасақталып, көгалдандыру шаралары жүргізілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Соның бірі — ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру. Биылдан бастап жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылды. Осы санаттағы отбасыларға Орал қаласын айтпағанда, Жаңақала, Сырым аудандарында жаңа пәтерлер берілді. Бұл жұмыс жалғасады.
Жалпы, 2023 жылдан бері өңірде 7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның 40 пайызы ауылдық елді мекендерде бой көтерді.
- 05.11.2026
- 9


