- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
СЫРЫМ АУДАНЫНДА 72 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Сырым ауданында жалғыз үйі апатты деп танылған 72 отбасы баспаналы болды.
Биыл жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық қордан тұрғын үй беру және бөлу тәртібі жаңартылып, бұл құзырет жергілікті атқарушы органға қайтарылды. Бұған дейін бұл санаттағы азаматтарды баспанамен қамту ісі «Отбасы банк» арқылы жүргізілді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституцияда адамның өмір сапасын жақсарту – мемлекет дамуының ең басты стратегиялық бағыты болып айқындалды. Осы ретте өңір тұрғындарын баспанамен қамту – маңызды міндеттердің бірі. Ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын арттыруға ерекше назар аударылып келеді. Жыл басында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 600-дей азамат тұрғын үй кезегінде тұрған еді. Олардың бірқатарына облыс орталығында, Жаңақала ауданында жаңа пәтерлер берілді.
Жалпы, Сырым ауданында 800-дей азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 160-тан астамында жалғыз үйі апатты деп танылған. Бұл санаттағы отбасыларға келесі жылы тағы 36 пәтердің кілті табысталады.
- 05.11.2026
- 19


