• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бокстан Қазақстан чемпионаты: Ербол Қарашөкеев төрешілер және ұлттық құрама бапкерлерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып жатқан халықаралық дәрежедегі төрешілермен және ұлттық құрама бапкерлерімен кездесті.

Биылғы ел біріншілігі 30 қазанда басталып, 6 қарашаға дейін Тараз қаласында өтуде. Айта кетейік, дүбірлі дода Әулиеата жерінде 12 жылдан кейін қайта ұйымдастырылып отыр.

Кездесуде аймақ басшысы республикалық деңгейдегі жарыстың Жамбыл облысында өткізілуі өңір үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай бәсекелердің жергілікті спорттың әлеуетін танытуға, жас боксшылардың тәжірибе жинақтауына және отандық спорттың дамуына серпін беретінін жеткізді.

Қазіргі таңда облыста бокс спортына ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, 157 жаттықтырушы 4 129 спортшымен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

– Жамбыл өңірінің бокс тарихы терең, дәстүрі бай. Біздің жер Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Бақтияр Артаевты, күміс жүлдегерлер Серік Қонақбаев пен Болат Жұмаділовты, қола жүлдегер Болат Ниязымбетовты тәрбиелеп шығарды. Олар – Жамбыл жерінің мақтанышы, кейінгі буынға үлгі.

Бүгінде осы даңқты жолды Бексұлтан Боранбек, Бибарыс Жексен, Диас Молжігітов, Әйгерім Сәттібаева, Виктория Байдукова, Жібек Жарасқызы сынды спортшыларымыз абыроймен жалғастырып келеді, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі ел чемпионаты ұлттық құрама сапын жасақтауда маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етіп, жарыс барысында төрешілік талаптарының мүлтіксіз орындалуы, барлық қатысушыға тең мүмкіндік берілуі және спортшылардың өнеріне әділ баға қойылуы қажеттігін баса айтты.

– Жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуі көп жағдайда төрешілердің кәсібилігіне байланысты. Әр жекпе-жекте қабылданған шешім спортшының тағдырына, тіпті оның алдағы мансабына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан ережелерді қатаң сақтап, әділ төрелік жасайтындарыңызға сенім білдіремін.

Баршамыздың мақсатымыз – чемпионатты жоғары деңгейде өткізіп, қазақ боксының дамуына үлес қосу. Бұл ұйымдастырушылардың, бапкерлердің, төрешілер мен спортшылардың бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Отандық спорттың өркендеуіне қосып жүрген еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Барлық қатысушыға сәттілік, қайсарлық және тартысты бәсеке тілеймін! – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде халықаралық дәрежедегі төрешілер мен ұлттық құрама бапкерлері жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, өңір тарапынан көрсетілген қолдау мен құрмет үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында қатысушыларға облыс әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығы табысталды.

 

  • 05.11.2026
  • 21
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика