- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу өткіздім
Бүгін Қазақстандағы Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикас бастаған Елшіліктің ресми делегациясымен кездестім. Кездесу барысында екіжақты экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыладық.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, «жасыл» энергетика мен туризм салаларында әлеуеті зор. Бұған өңірдің географиялық орналасуының қолайлылығы, дамыған инфрақұрылымы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы ықпал етуде. Сонымен қатар облыс Қытаймен шекарада 5 кеден бекеті орналасқан республикадағы бірден-бір аймақ.
Қазіргі уақытта өңірімізде Литва Республикасымен бірлескен кәсіпорындар жоқ. Дегенмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Бүгінгі алғашқы бірлескен кездесу де осы бағытқа айтарлықтай ықпал етеді деп ойлаймын. Өз тарапымнан облыста қолданыстағы заңнама аясында бизнес өкілдері мен әлеуетті инвесторлар үшін барлық қажетті әкімшілік және экономикалық жағдай жасалғанына сендіре аламын.
- 05.11.2026
- 6


