• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша штаб отырысын өткізді.

Жиында өңірдегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері және мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмыстарының тиімділігі қаралды.

Облыс әкімі профилактикалық іс-шаралардың басым бөлігі көзбояушылық сипатта қалып отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты жұмыстарды қағаз жүзінде емес, нақты нәтижемен бағалау қажет.

– Ашық сабақтар өтті. Тренингтер өтті. Сауалнамалар алынды. Рейдтер жүрді. Ал нәтижелер қайда?! Қағаз жүзінде бәрі тамаша, ал шын мәнінде қайғылы жағдайлар орын алып жатыр. Ашығын айту керек, қағаздағы профилактика баланы құтқармайды.

Сауалнамада балалар дабыл қағып, нақты деректерді көрсетіп отыр. Біз оған назар аудармаймыз.

Балалардың тағдырына бейжай қарауға болмайды. Осыны анық түсінуіміз керек, – деді өңір басшысы.

Ербол Қарашөкеев полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалып отырғанын еске салды. Осыған қарамастан, аудандық полиция бөлімдерінің жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді.

Осыған байланысты аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына Тараз қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, 9-10 сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастыруды тапсырды.

Кездесулерге ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділерін де тарту қажет. Онда ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, буллинг пен әлімжеттіктің зардаптары кеңінен түсіндірілуі тиіс.

– Бұл кеселмен сіздер де, біз де, қоғам белсенділері де бірлесіп күресуіміз қажет.

Кездесулер формалды түрде өтпеуі тиіс. Әр ауылда, әр мектепте ата-аналар нақты фактілер мен нақты салдарларды естуі керек. Бүгін біз қоғам ретінде де, ата-ана ретінде де бұл мәселеге бет бұрмасақ, мен басқа жол көріп тұрған жоқпын. Бала тәрбиесі – тек мектептің немесе полицияның ісі емес, бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Штаб отырысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар нақты міндет жүктелді.

Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының басшылары және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісін өткізу, мектеп психологтарының жұмысын тексеру тапсырылды. Полиция есебінде тұрған және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған балаларды мектепішілік профилактикалық есепке алып, оларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тарту қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы, саябақтар мен көшелердегі бейнебақылау камераларының жұмысын тексеруге, тәуекел тобындағы отбасылармен жұмысты күшейтуге және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударылады.

Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандық комиссиялардың қызметін жандандыру, полиция есебінде тұрған және ерекше назарды қажет ететін балалармен жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін тоқсан сайын қарау міндеттелді.

Кеңес қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол бергені үшін облыстық полиция департаментінің бастығына Байзақ, Жамбыл, Талас және Қордай аудандарының полиция бөлімдері бастықтарына қатысты қызметтік тексеру жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар облыс әкімінің салаға жауапты орынбасарына сөгіс жариялау, Байзақ, Жамбыл, Талас және Қордай аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ білім басқармасының басшысына қатаң сөгіс беру жөнінде шешім қабылданды. 

Бұдан бөлек, аталған аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен білім бөлімдерінің басшыларына қатысты қатаң тәртіптік шара қолданылады.

  • 05.11.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика