• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысы цифрлық даму бойынша үздік 5 өңірдің қатарында

Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыс әкімдігінде өткен кеңесте айтты. Жиында өңіріміздегі цифрландыру және жасанды интеллект жылында атқарылған жұмыстардың аралық қорытындылары және цифрлық даму бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері талқыланды.

Кеңесте ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев, Qostanai Hub директоры Дамир Мінайдаров, Жасанды интеллект жөніндегі республикалық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Әсел Абакова баяндама жасады.

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Президент сондай-ақ 2025 жылғы Жолдауында алдағы 3 жылда Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойған болатын.

Аймағымызда IT-компаниялар саны 2022 жылғы 318-ден 362-ге дейін өсті. Сала мамандарының орташа жалақысы 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жуық өсіп, биылғы тамызда 467 мың теңгені құрады. 2025 жылы облыстағы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 55%-ке артты. Облыс бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 2022 жылғы 74,8%-дан ағымдағы жылы 84,6%-ға дейін өсті.

Кәсіпорындар 2022 жылы цифрлық технологияларға 10 млрд теңге бағыттаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 18,4 млрд теңгені құрады. Тек биылғы жылдың 1-ші жартыжылдығында 9,8 млрд теңге бағыттады.

«Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 2023 жылғы 82,9%-тен 2025 жылы 92,3%-ке өсті. PISA-2025 зерттеуі бойынша аймағымыздың оқушылары цифрлық есептерді шешу көрсеткіші жағынан республикада 3-орынға ие болды. Өңіріміз цифрлық даму бойынша үздік 5 облыстың қатарына енді. Екі жыл ішінде цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі 2 есеге өсіп, 2023 жылғы 23,9%-тен 2025 жылы 45,8%-ке жетті. Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша Қостанай облысы Қазақстанда 1-ші орында. 2023 жылы 2 өндірістік робот болса, үш жыл ішінде олардың саны 150-ге жетті», – деді аймақ басшысы.

Агроөнеркәсіптік кешенде сүт фермаларына автоматтандырылған желілер мен цифрлық жүйелер енгізілген. Ендігі міндет – егіншілік, зияткерлік суару және дрондарды қолдану аясын кеңейту.

  • 10.11.2026
  • 14
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика