• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында мал басы 4,1 миллионға жетті

Жамбыл облысында мал шаруашылығын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жалғасуда. Бұл мәселе облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Жиында мал азығының қоры, қыстаулардың дайындығы және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың мәліметінше, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдегі мал басы 3,8 миллионнан 4,1 миллионға дейін өскен. Осылайша, өткен кезеңмен салыстырғанда 300 мың басқа артқан.

Алдағы қысқы маусымда облыс бойынша 484,9 мың бас ірі қара, 3,5 миллион бас қой мен ешкі, 204,2 мың бас жылқы және 8,6 мың бас түйе қыстатылады.

Төрт түлікті қажетті азықпен қамтамасыз ету үшін биыл 3,3 миллион тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Оның ішінде 2 млн 211 мың тонна пішен, 141,2 мың тонна пішендеме, 484 мың тонна сабан, 117 мың тонна сүрлем және 364 мың тонна құнарлы жем бар.

Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнен 3,365 миллион тонна немесе 101,4 пайызы дайындалды. Атап айтқанда, 2 млн 284,6 мың тонна пішен (103,3%), 134,7 мың тонна пішендеме (95,4%), 491,9 мың тонна сабан (101,6%), 117,1 мың тонна сүрлем (100,1%) және 337,9 мың тонна құнарлы жем (92,8%) жиналған.

Сонымен қатар бірқатар ауданда жекелеген азық түрлерін дайындау жұмыстары толық орындалмаған. Атап айтқанда, пішендеме дайындау бойынша Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандарында, ал құнарлы жем әзірлеуде Жамбыл, Мойынқұм және Талас аудандарында жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау мақсатында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша бұл санаттағы шаруашылықтарға 1 485,8 тонна мал азығын дайындау жоспарланып, нақты 1 519,7 тонна жиналды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өзара ынтымақтастық орнату арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды қолжетімді азықпен қамту көзделген. Осы бағытта өңірде 98 меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта облыста бір түк пішеннің бағасы 600-700 теңге, жоңышқаның бағасы 1 000-1 200 теңге, ал құнарлы жемнің бір келісі 110-120 теңге аралығында қалыптасқан.

Өңірде барлығы 5 862 мал қыстату орны бар. Оның 1 020-сы шалғайдағы жайылымдық аумақтарда орналасқан.

Кеңесте облыс әкімі мал азығы бағасына тұрақты мониторинг жүргізуді және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін резервтік азық қорын қалыптастыру мәселесін пысықтауды жүктеді.

– Қысқы науқан кезінде шаруалар ешқандай қиындыққа тап болмауы тиіс. Шалғайдағы 1 020 қыстаудың әрқайсысы бойынша жолдың, байланыстың, су көзінің, отын мен азық қорының жеткіліктілігін қазірден бастап тексеру қажет. Вакцинациялау жұмыстарын қыстату маусымына дейін толық аяқтау керек. Шалғайдағы қыстауларға қызмет көрсететін жылжымалы ветеринариялық топтар жасақталып, биотермиялық шұңқырлар талапқа сай келтірілсін.

Қыс мезгілінде шалғайдағы қыстауларда мал ұрлығының алдын алу шараларын күшейту маңызды. Профилактикалық рейдтер ұйымдастырып, ветеринария қызметтерімен бірлесіп мал тасымалына бақылауды күшейту қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі қысқы маусымға дайындықты толық аяқтау жөнінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, мал азығын дайындау жоспары орындалмаған бағыттар бойынша жұмысты жандандыру, жеке қосалқы шаруашылықтардың нақты қажеттілігін қайта есептеп, меморандумдар санын арттыру міндеттелді. Сондай-ақ қыстауларға апаратын жолдарды қардан тазартуға қажетті техниканы анықтап, мердігерлерді алдын ала бекіту тапсырылды.

  • 11.11.2026
  • 15
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика