• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
Әрінов Шыңғыс Сайранұлы

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында цифрлық технология көмегімен өлім-жітім көрсеткіші 31 пайызға төмендеді

Алматы облысында қоғамдық орындар мен жол бойына қойылған 9500-ге жуық камераның арқасында өлім-жітім көрсеткіші 31 пайызға азайды. Жыл басынан аталмыш құрылғы арқылы ереже бұзғандарға айыппұл салынып, бюджетке 11,5 миллиард теңге қаржы түсті. Бұл туралы Алматы облысындағы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының мамандарын марапаттау рәсімінде белгілі болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

«Бүгінде цифрлық технологиялар өндірістен бастап мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық саланың жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертіп, жаңаша даму мүмкіндіктеріне жол ашуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бізге елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін жүктеген болатын. Осы бағытта облысымыздағы шалғай елді мекендерді ғаламтор жүйесімен қамту, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында байланыс желілерін тартып, IT-инфрақұрылым сапасын одан әрі жақсарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Ең бастысы, енгізіліп жатқан сандық технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғасын азайтып, адам өмірін сақтауға нақты септігін тигізіп отыр», – деді Шыңғыс Сайранұлы. 

Бүгінде Алматы облысында IT саласын жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, тұрғындармен кері байланыс орнатуға арналған «109» қызметі арқылы облыс бойынша 73 мыңнан астам азаматтың өтініші орындалды. Сондай-ақ цифрлық қадағалау технологиясының көмегімен 188 жобаға мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде облыста іске асырылған бастамалар жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы рейтингте тұрақты түрде бірінші және екінші орындарды иеленіп келеді.

Цифрландыру саласына жастарды кеңінен тарту мақсатында да облыста бірқатар игі жоба қолға алынды. Мысалы, Қонаевтағы Alatau Hub орталығында биыл 90-нан астам іс-шара өтіп, оған 1400-ден астам адам қатысты. «Digital Keruen» жобасы арқылы өңірдің түкпір-түкпіріндегі азаматтар ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект туралы білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Хакатондар, Google Cloud шеберханасы және Startup Orda бағдарламалары да жастарды цифрлық салаға баулып келеді.

Қазіргі таңда Алматы облысындағы 376 елді мекеннің 365-і мобильді байланыспен және интернетпен қамтылып, көрсеткіш 97 пайыздан асып отыр. Келесі жылы  тағы сегіз ауыл сапалы интернетке қол жеткізеді. Одан бөлек қолданыстағы желілер 4G стандартына сай жаңғыртылады. 

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Алматы облысындағы 85 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, биыл 29 елді мекендегі әкімдіктер, мектептер мен фельдшерлік пункттер интернетке қосылды. Сондай-ақ аталған желі толық іске қосылғанша 23 ауылға уақытша Starlink станциясы орнатылып жатыр. Республикалық жолдардың бойындағы байланыс сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін 17 антенна-діңгек салынып, пайдалануға беріледі. Ал Көлсай мен Шарын туристік аймағында мобильді желілер және Freedom Telecom компаниясының Wi-Fi  желісі тегін жұмыс істейді. 

Аталған жұмыстың барлығы – цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің табанды еңбегінің жемісі. Салтанатты рәсімде осы салада аянбай тер төккен үздік қызметкерлерге Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды. Солардың бірі – Арман Әлмереков. 

«Еңбегімнің ескеріліп, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатына ие болғаныма өте қуаныштымын. Кәсіби мереке қарсаңында көңіліміз бір марқайып қалды. Біз цифрлық технологияның көмегімен облыстағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  үлесімізді қосып келеміз. Тұрғындарды жылдамдықты асырмай, ережелерді сақтауға шақырамыз. Алдағы уақытта жұмысымызды жетілдіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметімізді жалғастыруға ниеттіміз», – деді марапат иесі.

  • 12.11.2026
  • 17
Әрінов Шыңғыс Сайранұлы

Алматы облысының әкімі

Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика