- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтауы
Құрметті агроөнеркәсіп кешенінің еңбеккерлері мен
сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – қажырлы еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне құрмет пен алғыс білдіретін мереке. Сіздер дастарханымызды молшылыққа толтырып, әл-ауқатымыз бен тұрмыс игілігімізді арттыруға зор үлес қосып жүр.
Қазақстанның жетекші аграрлық және өңдеу орталықтарының бірі болып саналатын біздің облысымыз үшін бұл мерекенің орны айрықша, стратегиялық маңызы зор.
Бүгінде аймағымыздың агроөнеркәсіптік кешені алдында Ел Президенті айқындаған 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі ауқымды стратегиялық міндеттер тұр. Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында белгіленген жоспарлар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Биыл Қостанай облысының аграрлық саласын дамытуға 323,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56%-ке артық. Көктемгі және егіс науқандарына 151,1 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді.
Биыл 6 млн тоннадан астам өнім жиналды. Бұл егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, минералды тыңайтқыштар енгізу көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-трактор паркін сапалы жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі.
Мал шаруашылығы саласында да оң үрдіс сақталуда. Республикалық Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспар аясында өңірімізге «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша 5,1 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды малды белсенді сатып алуда. Аймақтың оңтүстік аудандарына ерекше назар аударылып, «Жайлау» бағдарламасы аясында жайылымдық мал шаруашылығын жандандыру мен дамытуға жағдай жасалуда.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген қаржыландырудың арқасында сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соңғы 2 жылда облысымызда заманауи 7 тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді, биыл тағы 5 жоба іске қосылады. Ал, 2027 жылы тағы 4 тауарлы сүт фермасы ашылады. Барлық 16 ферма жобалық қуатқа шыққан кезде шаруашылықтардағы сүт өндірісі жылына 173,3 мың тонна – 2,1 есеге дейін артады.
Бұл – сүт өңдеу орындарын шикізатпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірдің негізгі басымдығы – шикізаттан терең өңдеуге көшу. 2025 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенінде 39,3 млрд теңгенің 36 жобасы іске асырылды. 2026-2028 жылдарға 553 млрд теңгеге 42 инвестициялық жобаны қамтитын Жол картасы әзірленді.
Өңірдің тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеретін озық кәсіпорындар да іске қосылуда. Олардың ішінде «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 20 түрлі ірімшік өндіретін сүт өңдеу зауытының ашылуы, «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының жылына 16,6 мың тонна өнім өндіруге арналған «Кондитерлік астана» технологиялық кешені және «Кайдзэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылына 170 мың тонна дайын өнім өндіретін бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу зауытының іске қосылуы ерекше маңызға ие.
Сондай-ақ, «Tobol Center KZ» ЖШС өндірістік кешені, Лисаков май экстракциялау зауыты және «Кайдзэн» серіктестігінің макарон өнімдерін өндіретін зауыты жатады.
Алда «Qostanai Grain Industry» серіктестігінде жылына 415 мың тонна астықты терең өңдеуге арналған жобаны және жылына 57 мың тонна тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру жөніндегі бірегей жобаны іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Халык Агро КСТ» ЖШС-нде 5,2 мың тонна өнім сақтауға арналған көкөніс қоймасының құрылысы және «Казахстанский картофель» серіктестігінде жылына
2,8 мың тонна мұздатылған фри картобын өндіру, «Костанайский Осётр» серіктестігінде жылына 50 тоннаға арналған балық өсіру кешенінің жобасы іске асырылуда. «Eco Broiler Ltd» ЖШС жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын салу жобасын іске асыруға дайын.
Қадірлі жерлестер!
Бұл жобалардың барлығы азық-түлік дербестігін нығайтуға, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға, тұрақты, жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын құруға және аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осы жолда еңбек етіп жүрген барша мамандарға, шаруаларға, кәсіпкерлерге және сала ардагерлеріне адал еңбектері мен кәсібіне деген жауапкершілігі үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен молшылық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Өндірісіміз өркендеп, әр шаңырақтың дастарханы әрдайым мол болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов
- 13.11.2026
- 18


