- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫН САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қытай Халық Республикасының Jiangxi Provincial Building Materials Group және SINOMA-CDI компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар Тасқала ауданы аумағында цемент зауытын салу жобасын талқылады.
Жалпы құны 70,2 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 1 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы болады. Жоба жүзеге асқан жағдайда 300 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Тараптар өндіріс орнын қажетті инфрақұрылыммен қамту, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде жүргізу мәселелерін қарастырды.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және шетелдік инвестиция тарту өңір экономикасының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтылды.
- 13.11.2026
- 4


