• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысы Сырттанов ауылында 800 түп алма ағашы отырғызылды

Алматы облысы Б.Сырттанов ауылының тұрғындары 800 түп алма көшеттерін отырғызды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақсу аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, көктем басталғалы өңір тұрғындары ағаш отырғызу ісіне белсене кіріскен. Бүгінге дейін аудан аумағында өрік, үйеңкі, қарағаш, алма, туя, қарағай, шырша көшеттері егіліпті. Жалпы биылғы жылы ауданда 12 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделген. Сол жоспарға сәйкес ауыл тұрғындары 800 түп алма ағашын егіп отыр.  

Алма ағаштар ауылдың ішіндегі бос жатқан жерлерге, Ғ.Мұратбаев мектебінің ауласына, тұрғын үй аулаларына отырғызылды. Енді оларды күтіп баптау әкімдікпен бірге әрбір маманның, әр тұрғынның жауапкершілігінде.

- Жердің тоңы жібіген кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырақ жайған саялы баққа айналады. Біз жыл сайын  ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмыстарына тұрақты көңіл бөлеміз. Соның ішінде жеміс ағаштарына айрықша назар аударып отырмыз.  «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» дейді ғой. Енді сол ағаштарды күтіп-баптауды үлкендерден бастап балаларға дейін парыз санап, әр тұрғын жауапкершілікпен қараса, бұл іс өз жемісін береді ғой деп ойлаймын, - дейді Б.Сырттанов ауылдық округінің әкімі Бекзат Ермұханбетов.

Еске салсақ, Алматы облысында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы жүруде. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратына сәйкес өңірдің елді мекендерінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі жол картасы бекітілген. Соның аясында жергілікті атқарушы органдар аумақты тазарту бойынша 3 сенбілік өткізіп, 19,3 мың көшет отырғызды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 10.04.2021
  • 241
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика