- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
ХХ Азия және V Пара Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездестім
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өткен ХХ Азия ойындары мен V Пара Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесіп, құттықтадым.
ХХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында Жетісу облысынан 8 спорт түрі бойынша 23 спортшы қатысқан. Соның ішінде велошабандоз Евгений Федоров күміс медаль жеңіп алды.
V Пара Азия ойындарына облыстан спорттың 4 түрі бойынша 11 спортшы қатысты. Соның ішінде пара садақ атудан Нұршат Төлеуқасым мен Темірлан Сейткамал күміс жүлдегер атанса, пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Талғат Ерекеев қола жүлдеге ие болды.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды тағы бір мәрте құттықтап, облыста спортты қолдау және спортшылардың дайындалуына қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасады.
- 16.11.2026
- 64


