• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының базасында заманауи технологиялармен жабдықталған AI-кеңсе ашылды. Енді тұрғындар мұнда қажетті құжаттарын рәсімдеп, электрондық мемлекеттік қызметтерді мамандардың көмегінсіз-ақ өз бетінше ала алады.

Жаңа орталықтың жұмысымен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев танысты.

Кеңседе тұрғындарға қызмет көрсетудің бірнеше аймағы қарастырылған. Атап айтқанда, экспресс-қызмет алу, цифрлық сервистерді пайдалану, мамандардан кеңес алу және оқыту аймақтары жұмыс істейді. Сондай-ақ келушілерге арналған демалыс орны жабдықталған. Орталық заманауи моноблоктармен, жоғары жылдамдықтағы сканерлермен және eGov GPT жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық панельдермен қамтамасыз етілген.

Кеңседегі басты жаңашылдықтардың бірі – құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік пен паспорт алуға немесе оларды ауыстыруға өтінімді өз бетінше бере алады.

Сонымен қатар мұнда eGov GPT жасанды интеллект жүйесі іске қосылған. Цифрлық құрал мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратты жедел табуға, оларды алу тәртібін түсінуге және электрондық үкімет порталында бағдар алуға көмектеседі. Пайдаланушылар жүйеге сұрақтарын мәтінмен де, дыбыстық хабарлама арқылы да жолдай алады. Қазіргі уақытта сервис қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында орталықта тегін оқыту сабақтары да өткізіледі. Қатысушылар электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану жолдарын меңгеріп, қажетті практикалық дағдыларды үйрене алады. Сабақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жұма күндері сағат 10:00-де және 12:00-де ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Тараз қаласындағы AI-кеңсе – осындай форматтағы алғашқы орталық. Ал республика бойынша бұл – тоғызыншы AI-кеңсе.

  • 16.11.2026
  • 29
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика