- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ҚАРАШЫҒАНАҚ КЕН ОРНЫНДА АЛТЫНШЫ КОМПРЕССОР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қарашығанақты кеңейту жобасы аясында жылына 4 млрд текше метр газды кері айдауға қауқарлы 6-компрессор іске қосылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы компанияның өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі үлесін оң бағалады. Мемлекет пен инвесторлар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі үшін маңызды жоба іске қосылды.
Жаңа компрессордың құрылысына 2 мыңға жуық жергілікті тұрғын тартылды.
Маңызды жоба газ факторын төмендету, және кен орнындағы сұйық көмірсутектер өндіру деңгейін тұрақты сақтауға бағытталған. 6-компрессордың сәтті іске қосылуы Қарашығанақ тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді және КПО-ның әлемдік деңгейдегі ірі жобаларды табысты жүзеге асыру әлеуетін көрсетеді.
Айта кетейік, КПО облыста әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына да елеулі үлес қосып келеді. 2025-2026 жылдары 24 жоба толық аяқталып, пайдалануға берілді. Өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы өңір тұрғындары компанияға 1,3 млрд теңгенің өнімін өткізді. Кешенді қолдау шаралары ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталып отыр.
- 18.11.2026
- 24


