- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН «ЖАСТАР» СТАДИОНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Ақсай қаласында қайта жаңғыртудан өткен «Жастар» стадионы пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірімізде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2023–2026 жылдары жаңа 132 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 24 спорт нысаны салынды. Барлық аудан орталығы мен ірі ауылдар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтылды. Енді мұндай заманауи нысандар шағын елді мекендерде бой көтеріп жатыр.
Көпбейінді кешен «КПО Б.В.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында қайта жаңғыртылды. Мұнда заманауи спорт залы, FIFA стандарттарына сай футбол алаңы, ұлттық ойындар және жаттығу алаңдары, жүгіру жолдары мен экстремалды спорт түрлеріне арналған арнайы аймақ қарастырылған.
«КПО Б.В.» компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары аясында Ақсай қаласында бұдан бөлек оңалту орталығы, оқушылар және жастар сарайының құрылысы да жүріп жатыр.
- 18.11.2026
- 24


