- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БӨРЛІ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Ақсай қаласында Бөрлі аудандық прокуратурасының жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруды басты міндеттердің бірі ретінде айқындады. Әділетті қоғам қалыптастырудың негізі – заңның мүлтіксіз сақталуы және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі. Жаңа ғимарат прокуратура қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне, тұрғындардың өтініштерін сапалы қарауға және халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік болмақ.
Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты нысан прокуратура қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартып, өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы атқаруына мүмкіндік береді.
- 24.11.2026
- 30


